• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Экономика 09 Маусым, 2021

Кәсіпкерлер экспорт процедурасын цифрландыруды ұсынды

287 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) экономика және қаржылық саясат министрі Руслан Бекетаевқа мәжбүрлі қаржылық шығындар мен тәуекелдерге алып келетін талаптар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазіргі уақытта ЕЭК алкоголь мен темекі өнімдеріне кедендік транзит рәсімін қолдану туралы ЕЭК алқасы шешімінің жобасын талқылап жатыр. Шешім қабылданғаннан кейін бұл өнім екі рет кедендік рәсімдерге орналастырылады - экспорт және кедендік транзит, бұл бизнес үшін қосымша уақыт пен қаржылық шығындарға әкеп соқтырады.  «Ресей бизнесі көтеріп отырған Одақтың кедендік аумағы арқылы алкоголь мен темекі өнімдерін тасымалдаудағы бұл мәселенің шешілуіне Қазақстан бизнесі қарсы емес. Бірақ қазақстандық кәсіпкерлер бірдей тауарларға қатысты бірқатар реттеу шараларын енгізуді және қолдануды қолдамайды, яғни олар ЕЭК алқасының осындай шешім қабылдағанымен келіспейді», деді кәсіпкер  Дінмұхаммед Әбсеметов.

Іскерлік қоғамдастықтың келіспеушілігі осы өнімнің қозғалысын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды (транзиттік, өзара сауда және экспорт) пайдалану жоспарланғандығымен түсіндіріледі және тиісті норма алдын-ала қарастырылған. 

Ал кедендік транзиттік ресімдеу кезінде үштік кедендік бақылау болады.  Бұл бүкіл процесс іскери ортаға кері әсерін тигізеді.

Енді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органының мөрімен расталуы қажет жеткізілім құжатының (электрондық шот-фактура) мәселесін KSP Steel компаниясының өкілі Айгерім Ишанова көтерді.

«Бұл ұзаққа созылған рәсім отандық экспорттаушылар үшін қазақстандық тауарларды ЕАЭО елдеріне экспорттау кезінде проблемаға айналады. Бұл вагондардың бос тұруы, тауарлардың жеткізілуінің кешеуілдеуі және жылжымалы құрамның жұмыс істемей қалғаны үшін айыппұлдарды төлеу және тасымалдау жоспарларын орындамау салдарынан қосымша шығындарға әкеліп соқтыруы сияқты мәселелерге әкеледі. Мұнда қарапайым бір вагон үшін айыппұл 64 400 теңгені құрайтынын атап өткен жөн», деп түсіндірді Әйгерім Ишанова.

Мәселені шешу үшін рәсімді қайта қарау, мемлекеттік кірістер органына құжаттарын ұсыну талаптарынан бас тарту, қазақстандық тауарларды ДСҰ алып қою тізіміне енгізілген ЕАЭО нарығына экспорттау процедурасын цифрландыру және оңтайландыру ұсынылды.

Руслан Бекетаев барлық мәселелер жазылып, егжей-тегжейлі зерделенеді, ал бизнес-ұсыныстар ескеріледі деп сендірді.