• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Маусым, 2021

Асқар Мамин вакциналау қарқынын ұлғайтуды тапсырды

143 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин барлық деңгейдегі әкімдер вакцинация мәселесін жеке бақылауға алуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Вирус жұқтыру деңгейі төмендеп келеді, бір аптада 30 пайызға азайды.

Елорда ғана «қызыл» аймақта қалды. Осы ретте, әкімдік қосымша шаралар қабылдауы керек. Жалпы 10 өңір, яғни басым бөлігі «жасыл» аймақта, 6 өңір «сары» аймақта. Тұрғындардың вакцина алуы мен эпидемияға қарсы жүргізілген шаралардың нәтижесінде Қазақстан «жасыл» аймаққа кірді», деді А. Мамин.

Премьер-Министрдің айтуынша, бүгінгі күні 2,4 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және шамамен 1,3 миллион адам екінші компонентін алды.

«Әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігі жаз кезінде вакциналау қарқынын барынша ұлғайтуы қажет, әсіресе Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында. Барлық деңгейдегі әкімдер вакцинация мәселесін жеке бақылауға алуы тиіс», деді Үкімет басшысы.