• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2021

15 шетел азаматы елден шығарылды

169 рет
көрсетілді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Мигрант» жедел алдын алу шарасының алғашқы 3 күнінде көші-қон туралы заңнаманы бұзғаны үшін 322 шетелдік ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабына сәйкес жауапқа тартылды. Оның ішінде 15 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұдан бөлек, 53 ел азаматы көшіп келушілердің өз үйлерінде болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін айыппұл арқалады.

Шетелдіктерді уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмысқа тартқан 21 кәсіпкер де әкімшілік жауапқа тартылған.

«Мәселен, биылғы көктемде Қазақстанға келіп, төлқұжатын жоғалтып алған және еліне қайтуға материалдық мүмкіндігі болмаған 52 жастағы Ресей Федерациясының азаматы анықталды. 9 маусымда оны «Феникс» даму және бейімделу орталығы өкілдерімен бірлесіп, елден шығардық», деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Айта кетейік, «Мигрант» жедел алдын алу шарасы 16 маусымға дейін жалғасады.