Бүгін Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында екі салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер өтуде. Әйелдер 70 кило және ерлер 81 кило салмақ дәрежесінде жүлделерін сарапқа салуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерлер сайысын 90 кило салмақтағы Ислам Бозбаев алғашқы айналымдарда мысырлық Хатем Абд әл-Ахер, чехиялық Юри Петр және кубалық Иван Фелипе Сильваға сан соқтырды. Бірақ ширек финалда біз Исламды мүлде танымай қалдық. Давлат Бобоновқа қарсы бәсекеде дәрменсіздік танытқан қандасымыз Өзбекстанның өкілінен ойсырай ұтылды.
Сондай-ақ жұбаныш бәсекесінде қандасымыз швециялық Маркус Ниманға есе жіберді. Осылайша, Бозбаев жеңіс тұғырына көтеріле алмады.
Ал Ерсұлтан Мұзафаров екінші кезеңде сүрінсе, 70 кило салмақта сайысқа түскен Зере Бектасқызы мен Мөлдір Нарынова тұсаукесер кездесулерінде жеңіліп қалды.