• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Маусым, 2021

Ақтөбе облысында ГАЗель автокөлігі 7 жасар баланы қағып кетті

178 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында ГАЗель автокөлігі жеті жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 маусым күні сағат 17:50-де Қандыағаш қаласындағы Газ-332123 автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі жеті жасар баланы қағып кеткен. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының орталық аудандық ауруханасына «ЗЧМТ, СММ, сол жақтағы тәжінің жарақаттануы» диагнозымен жатқызылды. 

Ақтөбе облысының аумағында 2021 жылдың бес айында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 27 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға аз.

Аталған ЖКО-да бір бала көз жұмып, 37 бала түрлі жарақат алған.