• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2021

Көкшетаудағы апатты үй тұрғындарына жаңа баспана беріледі

143 рет
көрсетілді

Көкшетаудағы апатты үйдің тұрғындарына жаңа баспана беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Ғайса мәлімдеді.

Қала әкімінің айтуынша, тұрғын үй беру – ең көп талқыланатын және көпшілікті толғандыратын түйткілдердің бірі. Мәселен, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Көкшетау қаласының құрылыс бөлімімен жалпы ауданы 67 мың шаршы метрден асатын және жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын 21 тұрғын үй нысанының құрылысы жүргізілуде.

Алайда, ол кезде жергілікті билік ғимаратты темірсыммен тартып, іргетасын нығайтып қоя салған. Биліктің бұл амалдары көпке шыдамай, 2017 жылы аталған үйге тағы да «апатты» деген қорытынды шықты. Аталған мәселені тұрғындар талай мәрте көтерді.

Көп пәтерлі үйлердің тұрғындары қазір басқару нысанын таңдауға және өзгертуге, сондай-ақ меншік иелерінің бірлестігін немесе жай серіктестікті құруға құқылы.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында азаматтарымыздың қажеттіліктерін сапалы орындау, мемлекеттік органдардың жедел және тиімді әрекет етуі үшін әкімдіктің халықпен кері байланысының пәрменді тәсілдерінің бірі әлеуметтік желілер болып табылады, онда әрбір азамат өзін қызықтыратын сұрақ қоя алады. Әкімдік қызметкерлері күн сайын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының проблемалық мәселелерін анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында анықталған мәселелер жедел әрекет ету шараларын қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі», деп түйіндеді Бауыржан Ғайса.