• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2021

8 млрд теңгеден астам сомаға салықтан жалтарған қылмыстық топ анықталды

304 рет
көрсетілді

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқан, 7 адамнан құралған қылмыстық топ іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үш жыл ішінде ҰҚТ бақылауындағы 19 компанияның шоттарын пайдалана отырып, коммерциялық ұйымдарға 8 млрд теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтару бойынша қызметтер көрсеткен.

Төрт ұйымдастырушы 6,5 жылға сотталды, үш сыбайлас 3 жылдан 4 жыл және 8 ай мерзімге шартты түрде сотталды. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың 200 млн теңгеден астам сомаға жылжымалы және жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді.