Пәкістандағы Белуджистан провинциясында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тауып, 30 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға провинцияның шығысындағы Бхалок елді мекенінің жанында орын алған. Хуздар-Ларкана бағдарымен келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі жылдамдықты шектен тыс асырып, көлігін басқара алмай қалған. Салдарынан автобус аударылды.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.