ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елімізде коронавирус инфекциясынан 21 413 адам (20 281 КВИ+ және 1132 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 964 пациент – стационарда, 14 449 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:
- 528 адамның жағдайы ауыр,
- 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.