• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Маусым, 2021

Ғалымдар COVID-19 симптомдарының өзгергенін мәлімдеді

646 рет
көрсетілді

Лондон Корольдік колледжінің ғалымдары COVID-19-дың негізгі симптомдары өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбританиялық колледж мамандары коронавирус мутацияланғандықтан вирус жұқтырған адамда енді бас ауруы, жеңіл тұмау және тамақтың ауырсынуы байқалатынын хабарлады.

Ғалымдар мұны ZOE қосымшасы арқылы анықталған, ол инфекцияның симптомдарын бақылауда ұстап отыратын арнайы бағдарлама. Сол қосымшаға сүйеніп, мамандар COVID-19 симптомдары мамырдан бері өзгергенін анықтаған. 

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі коронавирустың негізгі симптомдары дене қызуының көтерілуі, жөтел және дәм мен иіс жоғалуы деп санайды. Ал ДДСҰ коронавирустың негізгі белгілері дене қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел және шаршау деп есептейді.