• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2021

Ордабасылық әйел жалған құжатпен біреудің жерін сатып жіберген

238 рет
көрсетілді

Түркістан облысында әйел жалған құжатпен өзгенің жерін сатып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша, өзіне тиесілі жерін белгісіз әйел нотариусқа барып, сатуға жалған сенім хат алған. Содан соң құжат бойынша ол жерді өзінің жолдасына сатқан. Ал күйеуі болса өзге біреуге сатып жіберген. Осылайша жәбірленушіге 400 мың теңге шығын келтірген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Ордабасы АПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстап, ПБ-ға жеткізді.

Жалған жасалған іс-құжаттарға сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.