• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Маусым, 2021

37 шетел азаматы ҚР-ның аумағынан шығарылды

303 рет
көрсетілді

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір полицейлері «Мигрант» жедел алдын алу шарасын жүргізуде. Алғашқы жеті күн ішінде халықтың көші-қоны туралы заңнамасын бұзған 865 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Оның ішінде 37 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

«293 ел азаматы өз үйлерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін жауапқа тартылды. Шетелдіктерді уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмысқа тартқан 40 кәсіпкер айыппұл арқалады. Сондай-ақ жедел алдын алу шарасы аясында қос азаматтығы бар 3 адам тіркелді», делінген хабарламада.

Мәселен, 12 маусымда Ұлан ауданында тұрғын үй құрылысында рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 4 азаматы анықталды.

Жұмыс берушіге ҚР ӘҚБтК 519-бабына сәйкес 30 АЕК айыппұл салынса, шетелдіктер ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5 бөлігі бойынша 3 күнге әкімшілік қамаққа алынды.