Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Telegram-арнасы жазды.
«Жаһандағы коронавирус инфекциясына қатысты жағдай болжау қиын болып барады. Қазір барлығы COVID-19-дың үшінші толқыны туралы айта бастады. Вакциналау деңгейі өте төмен елдерде инфекция деңгейі үрейлі қарқынмен өсуде. Бүгінгі күні әлемде 176 миллионнан астам оқиға тіркелді және күн сайын 290 мыңнан астам жаңа фактілер тіркеледі. 3,8 миллионнан астам адам қайтыс болды. Өкініштісі, Қазақстанмен шекаралас елдерде қауіпті жағдай қалыптасуда. Ресейде, Қырғызстанда өткен жылмен салыстырғанда ауру санының рекордтық өсімі тіркелген», деді Ерлан Қиясов.
Ол эпидемиологиялық ахуал тұрғысынан КВИ-ге жағдайы қиын аймаққа жатпайтынын атап өтті.
«Бүгінгі күні инфекцияның ішкі жағдайларының төмендеуі байқалады. Жаз басталысымен біздің көптеген азаматтар жақын және алыс шетелдерге, соның ішінде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайы онша қолайлы емес елдерге демалуға ұшуға ниетті. Ал бұл алаңдаушылық тудырмай қоймайды», деді Ерлан Қиясов.
Осыған байланысты бас санитарлық дәрігер Қазақстан халқына үндеу жолдады.
«Маусымдық фактіні, демалуға деген ұмтылысты ескере отырып, мен азаматтарды өз өмірлері мен жақындарыңыздың денсаулығын вирустардан қорғауға шақырамын. Тек вакциналау ғана қорықпай, отбасыңызбен саяхаттауға, демалысты жоспарлауға мүмкіндік береді. Демалысты жоспарламас бұрын COVID-19 вакцинасын алыңыз, сонда жазғы саяхаттан бас тартпай, рахатқа бөлене аласыз. Вакцинация ешқандай кедергісіз кері елге қайтуға, өзіңізді және жақындарыңызды қорғауға мүмкіндік береді», деді ол.