2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан Республикасында 288 055 жеңіл автомобиль тіркелген, 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 32,4%-ға көп, деп хабарлайды Egemen.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3828,5 мың бірлікті құрады.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде 3677 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5431 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 10,3%-ға кеміді.
2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 12,2 млрд теңге сомасында 27788 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.