• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Маусым, 2021

Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болғандар ұсталды

469 рет
көрсетілді

Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған теріс діни ағым өкілдері ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, «Карасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

«Аталған іс-шара кезінде экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларының қызметкерлері Атырауға Орал қаласынан келіп, синтетикалық есірткі сатпақ болған 1998 және 1999 жылы туған екі күдіктіні ұстады. Күдіктілерден синтетикалық есірткі бар зип пакеттерге оралған 46 түйір табылды. Олардың жалға алған пәтерінен екі пакетке оралған синтетикалық есірткі заты мен 100 дана дайын бетбелгі тәркіленді. Нәтижесінде жалпы сомасы 24 млн теңгеге жуық синтетикалық есірткінің 2 400 бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді» дейді Қамза Үмбетқалиев.

Қазір ұсталған күдіктілерге ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен тергеу амалдары басталды. Ал, күдіктілер соттың санкциясымен Атырау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.