• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Туризм 16 Маусым, 2021

Kids go Free бағдарламасы туысқан аралауға арналмаған

618 рет
көрсетілді

2022 жылы екі жастан он төрт жасқа дейінгі балалар Қазақстанда «Кидс гоу фри» бағдарламасы бойынша әуе билетін тегін ала алады. Бұл туралы Kazakh Tourism ҰК АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кидс гоу фри» (Балалар тегін саяхаттайды) бағдарламасының негізгі мақсаты – қазақстандықтарды елдің туристік орындарында отбасымен демалуға ынталандыру. Бұл балалардың әуебилеттерін субсидиялау арқылы іске асырылады.

Ержан Еркінбаевтың айтуынша, «Кидс гоу фри» турпакетін кез келген туроператордан сатып алуға болады.

«Неліктен әуе рейстері субсидияланады? Қазақстандықтар өз балаларына еліміздің басқа да өңірлерін тамашалап, көрсетуі үшін субсидия беріледі. Бізде әдемі ландшафтар көп -13 ұлттық саябақ бар. Көпшілігіміз өз өңірімізден тыс жерлерге шықпадық. Бұл жақсы мүмкіндік болады, сондықтан бұл бағдарламаны туыстарының үйінде болумен салыстыруға болмайды деп санаймын», деді Ержан Еркінбаев.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков жауапты болжамды есептермен толықтырды.

«Егер сіз туроператорды тартпай, өз бетіңізше ұшатын болсаңыз, сәйкесінше сізге балалар билеттерінің құны субсидияланбайды. Бұл жағдайда ваучердің құны 20-30 пайызға арзандайды деп болжаймыз. Мысалы, Біз Нұр-Сұлтаннан Алакөлге саяхат жасаймыз. Үш баласы бар отбасы бір аптаға ұшады делік. Бұл оларға ұшуды қоса алғанда, шамамен 350-400 мың теңге тұратын болады. Бұл соманың 100 мың теңгесі балалар үшін барып-қайту билеттеріне кетеді. 350-ден 100 мың аламыз, демалыстың құны 250 мың теңгені құрайды. Егер сіз ұйымдастырылған демалысты пайдаланғыңыз келсе, онда бұл жүйенің көмегімен арзанырақ болады», деп сендірді Дастан Рыспеков.