Мұнайлы шаһарда жол апатынан бір адам мерт болды. Екі адам ауруханаға түсті. Оның бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 15 маусымда сағат 20:30 шамасында «Жұлдыз» шағын ауданында болған.
«Toyota Hiace» пен «Ваз-21113» көлігі соқтығысты. Жол-көлік апатынан «Toyota Hiace» автөкөлігігің 33 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал, 1991 жылы туған жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, «Ваз-21113» автокөлігінің 1999 жылы туған жолушысы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Екі көліктің жүргізушісі ауруханаға барып, дәрігерге қаралудан бас тартты» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.