• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 18 Маусым, 2021

Денсаулық сақтау министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

402 рет
көрсетілді

Батырбек Әбділдин Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Батырбек Сұлтанұлы Әбділдин Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Батырбек Әбділдин 1982 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін, Сингапур университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстандағы шетелдік коммерциялық ұйымның өкілі ретінде бастаған. 2002-2005 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің «Құрылыс консалтинг» АҚ маманы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, директорының орынбасары. 2005-2009 жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2009-2011 жылдары – «Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, директорының орынбасары. 2011-2015 жылдары – «Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары.

2015-2020 жылдары жеке секторда еңбек еткен. 2018-2019 жылдары - Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры. 2020 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобалық кеңсесінің басшысы болған.