• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Маусым, 2021

ШҚО-да сапасыз жолдар үшін 149 басшы жауапқа тартылды

201027 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында жолды сапасыз жөндеген жол қызметтерінің 149 басшысы әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жауапты мамандар облыстық Прокуратура және бақылаушы мемлекеттік органдармен бірлесіп, жөнделген жолдардың сапасын тексеруде.

Атап айтқанда, орташа жөндеуден өткен облыстық маңызы бар көлік жолдарының сапасы қаралуда.

«Шара шеңберінде қолданылатын материалдардың сапасы, жол элементтерінің геометриялық параметрлерінің сақталуы, сондай-ақ жол жүрісін белгілейтін техникалық құралдардың сәйкестігі жіті тексеруден өтуде.

Жыл басынан бері Департаменттің жол қадағалау мамандары 2 мыңнан астам тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде шығарылған ұйғарымдар бойынша жол қызметтерінің 149 басшысы әкімшілік жауапқа тартылған», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшыларының ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен 3 000 жол белгісі орнатылып, ауыстырылды. Бұдан бөлек, 76 000 шаршы метрден астам таңба салынған.