• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 21 Маусым, 2021

Е.Тоғжанов балалардың қауіпсіздігіне қатысты орындалған іс-шаралар туралы айтты

131 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған іс-шараларды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазанда болған оқыс жағдайға байланысты бірден арнайы отырыс өткен болатын. Онда бірнеше нақты шешім қабылданды. Бірінші шешім нормативтік-құқықтық бағытты күшейтуге байланысты. Оның ішінде нақтырақ айтар болсақ, елімізде 6500-ге жуық мектеп, 800-ге жуық денсаулық сақтау және 500-ге жуық мәдениет нысанындағы қауіпсіздікке қатысты нақты іс-шаралар қабылданды. Екінші шешім оқыс жағдай немесе дағдарыс болғанда мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың іс-қимылына байланысты нақты алгоритм қабылданды. Үшінші шешім жоғарыда аталған нысандардың материалдық-техникалық базасына қатысты болды», деді Ералы Тоғжанов депутаттардың сауалына орай.

«Өткен жылы еліміздегі мектептер 100% бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Бірақ нақты талдаманың аясында олардың 23%-ын қайта қарастыру қажеттігі анықталды. Оның бәрі оқу жылы басталғанша қалыпқа келтіріледі. Сонымен қатар мектептердегі агрессивтік мінез-құлықты төмендетуге бағытталған іс-шаралар қабылданады. Кибербуллигке байланысты мәселелерді де қарастырамыз. Интернет ресурстарды да жан-жақты бақылап отырмыз. Қысқа уақыттың ішінде 5 мыңға жуық заңға қайшы жұмыс істейтін ресурстар анықталды», деді Үкімет басшысының орынбасары.