22 маусым күні Алматының Алмалы ауданы Клочков көшесінде таңғы сағат 10:00-ден түскі сағат 13:00-ге дейін жоспарланған антитеррорлық оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқу-жаттығудың басты мақсаты – адам көп жиналған жерде террорлық қауіп төнген жағдайда өзара іс-әрекет дағдысын жетілдіру.
Оқу міндеттері террористік көзқарасқа осал нысандардағы терроризм актісінің жолын кесу механизмін дамытуға бағытталған.
Хабарланғандай, оқу-жаттығу кезінде жүріс-тұрысты шектеу шаралары қарастырылады.
Сол себепті қаланың терроризмге қарсы жедел штабы тұрғындардан атқарылып жатқан амалдарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін сақтап, жаттығуға қатысатын мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрайды.
Сондай-ақ ҚР ӘҚбК 443 бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескеру қажет.