• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Маусым, 2021

15 мыңнан аса шетелдік азамат еңбек етеді

157 рет
көрсетілді

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 15 668 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етуде, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Шетелдік жұмыс күшін тар­туға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 667 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 260 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 592 адам және 517 адам. Сондай-ақ маусым­дық жұмыстарға – 1 825 адам, ал кор­поративтік ауыстыру шең­­­берінде – 1 807 адам тар­тыл­ған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 782 жұ­мыс беруші бар. Оларда ша­мамен 483 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жал­пы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шыға­тын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 689 адам, Өзбекстан – 1 887 адам, Түркия – 1 679 адам, Үн­дістан – 1 090 адам, Ұлыбри­тания – 959 адам.

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота бел­гілейді. 2021 жылы квота мөл­шері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бір­лікті құрады.