• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Маусым, 2021

Коронавирус: Алматыда 47 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

189 рет
көрсетілді

Алматыда коронавирус жұқтырған 620 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

22 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 117 адам коронавирус жұқтырған.

«Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 105, симптомсыз – 12 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 62, келіп түскені – 70. Инфекциялық стационарларда 620 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730), оның ішінде 25 бала емделуде», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 47 адам жатыр. Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 14 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

High flow-да 17 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 915 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 760 науқас. 155 адамда коронавирус белгілері жоқ.