• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Маусым, 2021

Алматыда «Нью-Йорк» штамы табылды деген қауіп анықталды

222 рет
көрсетілді

Алматыда «Нью-Йорк» штамы табылды деген қауіп анықталды. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы өткен аптадан бері оң нәтиже көсеткен ПТР-сынамаларынан күнделікті скрининг жүргізіліп жатқанын айтты.

«Қалада алғаш рет «Нью-Йорк» штамы табылды деген қауіп бар. Бұл штамм түрі қыста Нью-Йоркте дүрбелең тудырған болатын. Талдау секвенирлеуге бағытталған», деді Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда алғаш рет үнді штамы анықталған болатын. Бекшин қазақстандық вакцина коронавирустың кез келген түрінен қорғауға қабілетті екенін айтып, тұрғындарды вакцинацияға шақырды.