Бүгін Атырау қаласында Жайық өзенінің жағалауы төртінші рет өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сағат 11:14-те өрт туралы хабар түскен.
«Жайық өзенінің «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданындағы жағалауында құрғақ бұталар мен қамыс қопасы өртенген. Қазір өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.