«Мәдениет саласында кітапхана желісін жаңғыртуға көп көңіл бөліп отырмыз. Бүгінгі таңда 6 кітапхананы модернизациядан өткіздік. Оның ішінде орталық әл-Фараби кітапханасы бар. Жыл соңына дейін тағы 4 кітапхананы жаңғырту жоспарда тұр. Өздеріңізге баяндағанымдай, кітапханалар «отбасылық кітапхана» концепциясымен дамып жатыр», деген Шымкент қаласының әкімі қала тіршілігінде мәдениеттің алар орны ерекше екендігін айтты.
1 мамырда қаланың негізгі туристтік нысанына айналуға мүмкіндігі жоғары «Шымқала» тарихи-мәдени кешені ашылған. Қазіргі уақытта кешенді музейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Тарихи кешенде хауыз, аспан асты кинотеатр, музей болады.
Сондай-ақ, «ShymQala» этноауылы да ел игілігіне берілген. Этноауылда жыл бойы қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілетін болады.