• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

ҰЛЫ ЖЕҢІС – ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНДЫҒЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

741 рет
көрсетілді

Биыл еліміз Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңістің 65 жылдығын атап өткелі отыр.Отан үшін қан-қасап майданда от кешкен ата­ларымыз бен әкелеріміздің, әже­лері­міз бен ана­ларымыздың жан­қияр­лық ерліктері мен тылда еңбек еткендердің қажыр-қайраты ұрпақ­тан-ұрпаққа жететін өшпес үлгі, өлмес өнеге. Осы күндері елімізде қоғам­дық-әлеуметтік, мәде­ни шара­лар өткізіліп, ерлікке тағзым етілуде. Ақтөбе мемлекет­тік педаго­гикалық институтында ұйым­дасты­рылған “Ұлы Отан соғысы: зерттеу әдісна­ма­сы мен оқыту тәжірибесі­нің өзек­ті мәсе­лелері” атты халық­ара­лық ғылыми-тәжірибелік кон­ференция жас ұр­пақ­тың жадында соғыстың қанша­лықты қасірет әкел­генін жаң­ғыр­ту, оған тарихи баға беру және жан-жақты терең зерт­телуін нақ­ты­лай түсудегі айшықты шара болды.Оған еліміздің тарихшы ға­лымдарымен бірге Ресейден, Өзбек­станнан да қонақтар келді. Ақтөбе мемлекеттік педагогика­лық инсти­туты­ның рек­торы, эко­номика ғы­лым­дары­­ның докторы, профессор Ғалым­жан Нұрышев уақыт өткен сайын Ұлы Отан соғысының қасі­рет­ті жылдары тарих сахнасында айшық­тала түсе­тініне тоқталды. Сұрапыл соғысқа дүние жүзінің 60 мемлекеті қатыс­қанынан хабардар етті. Май­данға аттанған 122 423 ақтөбелік­тің 36 700-і ғана туған жерге орал­ған. 35 ақ­төбелік Кеңес Ода­­ғы­ның Батыры атанса, 9-ы “Даңқ” орденінің толық иегері болған. Пленарлық мәжілісте фило­софия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов “Тұтас­тық пен ұлттық намыс – Жеңістің кепілі”, М.Ломоносов атындағы Мәс­кеу мемлекеттік университетінің профессоры З.Бо­чарева “Екінші дүниежүзі­лік соғыстағы Ресей эмигра­ция­­­сы”, Ақтөбе мемлекет­тік педа­го­гикалық институтының про­фессоры, тарих ғылымдары­ның докторы Нұртаза Аб­доллаев “Ұлы Отан соғысы жыл­дарын­дағы КСРО-ның ұлттық сая­сатының тарихна­масы” деген тақырыптарда тартымды баян­дама жасады. Конференцияда бұдан басқа да баяндамашылар шығып сөйлеп, Ұлы Отан соғысының көп са­ла­лы тарихы туралы әңгімеледі. Ғылыми-тәжірибелік кон­фе­рен­цияға қатысушылар содан кейін секциялық мәжі­лісте Ұлы Отан соғысы тари­хының зерт­телуі жайында өзара пікір алы­сып, толғақты ой­ларын ортаға салды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.