• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда жұмысшылары вакцина алмаған құрылыс нысандарының жұмысы тоқтайды

141 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында вакцинацияланған қызметкерлердің қатары аз болса нысанның жұмысы тоқтайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл әлеуметтік нысандар, яғни қолжетімді, жеңілдікті тұрғын үй, оқу орындары, аула клубтары және т.б. нысандар құрылысының көлемі ұлғайды. Ірі құрылыс компанияларының басшыларымен кездестік. Жұмыс жоспарын талқылап, уақытын белгіледік.

Эпидемиологиялық жағдайды және нысанда жұмыс істейтін адамның көптігін ескере отырып, міндетті түрде вакцинациялау ұсынылды (медициналық тұрғыда рұқсат етілмегендерден бөлек). Вакцинация нысанда жұмыс істейтін қызметкерлерді және олардың отбасын, сондай-ақ айналасындағы жұртты қорғайды.

Осылайша коронавирустың таралуы тоқтайды. Вакцинацияланған қызметкерлердің қатары аз болса, нысанның жұмысын тоқтатуға мәжбүр боламыз. Себебі елордамыз бен тұрғындарымыздың қауіпсіздігі бәрінен жоғары», деп жазды елорда әкімі.