• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Ауа райы 28 Маусым, 2021

Қазақстанда 42 градусқа дейін аптап болады

748 рет
көрсетілді

Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады. Синоптиктер 29 маусым мен 1 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның көп аймағында температуралық фон жоғарылайды. Бұл Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массаларының келуіне байланысты.

«Тек республиканың батысында шілденің алғашқы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұл ауа температурасының төменеуіне ықпал етеді: түнде 17-22 градусқа дейін, күндіз 27-35 градусқа дейін жылы болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 15-22, күндіз 30-38 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-25, күндіз 35-42 градус жылы болады»,  делінген хабарламада.