• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2021

Алматыда коронавирус балалар мен қарттар арасында көп тарап жатыр – Бекшин

225 рет
көрсетілді

Алматыда балалар мен қарттар арасында жұғу дерегі көбейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда эпидахуалды бақылап отыратын ASHYQ қосымшасы тек кәмелетке толғандар үшін ғана қолжетімді.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері Ресейде балалар қоғамдық орындарға бармас бұрын тексеруден өтуіне қатысты іс-шаралар қабылданғанын айтты.

Бізде балаларға қатысты мұндай шаралар қабылдануы мүмкін бе деген сұраққа Алматының бас санитарлық дәрігері былай деп жауап берді: «Бізде бұл мәселе әлі қарастырылған жоқ. Мысалы, 5 жасқа дейінгі балаларға маска кию режимі енгізілген жоқ. Бұрын індет туралы балаларға қатысты сөз аз қозғалды. Қазіргі жағдайды қарасақ, бір апта ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың таралуы 4%-ға артқан. Ал 60 жастан асқандардың арасында 6%-ға көбейген. Бұл жаңа пайда болған штамның қаншалықты патогенді екендігін көрсетіп отыр», деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігердің айтуынша, балалардың ауруға шалдығуы көбейсе, бұл деректер ASHYQ қосымшасына енгізілуі мүмкін.