Қостанай облысындағы «Қайрақ» автомобиль өткізу бекетінде Ресей азаматының жүк көлігінен мемлекеттік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көлікті мұқият тексеру барысында 600 көне монета және 100-ге жуық ескі қағаз ақша табылған.
«Сонымен қатар, шекарашылар көліктен бір сигналдық тапанша мен бір тал патрон тапты. Аталған оқиға туралы тиісті органдарға хабарланды», деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.