• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2021

Батыс Қазақстан қайтадан «қызыл аймақта»

339 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп, қайтадан «қызыл аймаққа» енді. Маусымның 28-інен бас­тап өңірде карантиндік шектеу шаралары күшейтілді.

Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысы осы дүйсенбіден бастап күшіне енді.Пандемия басталғалы облыс­та 24 673 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Ал 1 маусымнан бері ғана Сovid-19 вирусы 2 115 адамнан табылды. Соның ішінде 1 351 адам ауру белгілерімен дәрігерге қаралған, олардың жа­қын-жуығы арасынан тағы 540 адамда инфекция анықталған. Про­филактикалық мақсатта тек­серіл­гендерден 205 адам, вахта­лық ауысымнан шығарда не кірерде, шетелге шығар алдында, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қада­ғалау мақсатында сынама алын­ғандар арасынан 19 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды.Ауырып қалғандардың 38,4%-ы – тұрақты жұмысы бар азамат­тар. Бірақ жұмыс істемейтін тұрғындар мен зейнеткерлер арасында да вирус жұқтырғандар аз емес. Са­раптама 202 оқушы, 89 мұғалім, еш жерге бармайтын 69 бала, 53 студент, 47 медицина қызметкері, түрлі балалар ұйымдарындағы 15 бала, 7 балабақша тәрбиешісі, 6 сарбаз ауырып қалғанын көрсетіп тұр.1 маусымнан бері зертханаларда 56 291 ПТР тест зерттеуі жасалды, орта есеппен күніне 2 084 тест зерттелуде.Сараптама нәтижесі қоғам­дық көліктер және адам көп жиналатын сауда үйлері, базар­лар, медициналық ұйымдар, қоғам­дық тамақтану орындары вирустың негізгі ошағы болып отыр­ғанын көр­сеткен. Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында шектеуге ұшы­раған нысандар да осылар.Сонымен, 28 маусымнан бас­тап өңірде жабық базарлар, сауда үйлері, қоғамдық тамақтандыру орындары сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Бірақ бұл шектеу Ashyq жобасымен жұмыс істейтіндерге жүрмейді. Ашық базарлар жұмыс істей береді.Сондай-ақ жазғы кафелер 07.00-ден 22.00-ге дейін, Ashyq жо­басына қатысқан болса, түнгі сағат 02.00-ге дейін ашық болады. Тек ұжымдық, салтанатты, отба­сылық және басқа бұқаралық іс-шараларды өткізуге болмайды және келушілер саны 50 орыннан аспауы тиіс.Бұдан бөлек түнгі және ойын клубтары, барлар, кальян орындары қызметіне, сол секілді Ashyq жобасына қатысатын нысандарда еске алу шараларын қоспағанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтой, т.б.) және басқа адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге болмайды. Мұндай іс-ша­раларды ұйымдастырушылар да, қатысушылар да айыпқа тартылады.Соңғы аптада, яғни маусымның 21-27 аралығында өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 15,5%-ға өскен.Соңғы мәліметке қарағанда өңірде эпидемия басталғалы 24 673 адам коронавируспен ауырған, соның 19 904-і жазылып шыққан. Тек 27 маусым күні 101 адамнан вирус анықталды. Өңірде мониторингтік топтар карантин талаптарын сақтамаған нысандарды анықтап, жазаға тартумен жүйелі айналысып келеді. 1 маусымнан бері олар 279 мәрте рейд жүргізіп, 1 451 нысанды тексерген екен. Соның ішінде 30 нысанда тәртіп бұзушылық анық­талған. 7 хаттама толтырылып, 889 685 теңгеге айыппұл салынған.Облыс аумағында індетке қарсы екпе жұмысы да жүйелі жүруде. Бүгінде өңірде облыс бойынша 66 екпе пункті жұмыс істейді. 27 маусымдағы мәліметке қарағанда, вакцинаның 1-компонентін 90 658 адам, 2-компонентін 59 961 адам алып үлгерген.Бүгінгі таңда Ashyq қосым­шасымен облыс бойынша барлығы 515 нысан жұмыс істейді. 10 мау­сымнан бері Ashyq жобасына қатысатын нысандарда «сары/қызыл» мәртебесі бар 108 адам анықталды. Орал қаласында «қызыл» мәртебесі бар 41 адам, «сары» мәртебесі бар 35 адам, Ақсай қаласында «қызыл» мәр­тебесі бар 4 адам, «сары» мәр­тебесі бар 2 адам анықталды. Бай­терек ауданында да 2 «қызыл», 6 «сары» адам, Қазталов ауданында 4 «сары», Ақжайық ауданында 4 «сары», Тасқала ауданында 1 «қызыл», 1 «сары» мәртебелі адам анықталған. Мұн­дай тәртіп бұзу­шылық Терек­ті, Шыңғырлау, Жаңа­қала, Жәнібек, Бөкейорда аудандарынан да анықталған. Әрине, олар­дың бәрі­не де әкімшілік жаза қолда­нылды.Өңірде «қызыл аймақ» мәрте­бе­сі қаншаға созылатынын сарап­шылардың өзі де тап басып айта алмай отыр. Бәрі де азаматтардың сақ­тануына, карантиндік сақтық шараларының сақталуына байланысты.

Батыс Қазақстан облысы