• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Маусым, 2021

Төрт мыңнан астам елордалық үй карантинін бұзған

86 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда «Ashyq» қосымшасы арқылы төрт мыңнан астам адамның үй карантинін бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс істейтін нысандарда 5 сәуір мен 28 маусым аралығында 4039 адам үй карантинін бұзғаны анықталды, оның ішінде 1888 науқас және 2151 байланыста болған адам бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті.

Сархат Бейсенованың айтуынша, 11-28 маусым аралығында үй карантинін бұзған 491 адам анықталды (жұқтырғандар, яғни «қызыл» статусы бар – 247 адам, ал жақын байланыста болғандар, «сары» статусы бар – 244 адам).  

«Департамент тәртіп бұзушылардың үй карантиніндегі уақытын анықтау жұмысын жүргізуді бастады. Аумақтық басқармалар санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы 23 қаулы тапсырды, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 4 хабарлама берді», деп мәлімдеді Сархат Бейсенова.  

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер құқық бұзушылардың басым бөлігі нысандарда анықталғанын хабарлады. Тиісінше науқастардың ең көп саны да сол орындарда тіркеледі. Есіл ауданында – 33%, Алматы ауданында – 30%, Сарыарқа ауданында – 22% және Байқоңыр ауданында – 15%.