Еліміздің бірқатар өңірлерінде 30 маусым мен 2 шілде аралығында қатты ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градус аптап ыстық болады.
Алматы қаласында 30 маусым күні күндіз 33-35 градус қатты ыстық күтіледі.
Шымкент қаласында 30 маусым-2 шілде аралығында 40 градусқа дейін көтеріледі.
Түркістан қаласында 30 маусым-2 шілде аралығында 40-42 градусқа көтеріледі.
30 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз 35-39 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында күндіз 30 маусымда найзағай, бұршақ, 36 градус қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, желдің екпіні секундына18 метр болуы ықтимал.
30 маусымда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, онтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 18 метр болуы ықтимал. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.
30 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.
30 маусымда күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 35-38 градус ыстық болады. Кей жерлерде өте жоғары өрт каупі сақталады. Қарағанды қаласында күндіз 1 - 2 шілдеде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз 30 маусымда - 2 шілдеде 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай облысында күндіз 30 маусым-1 шілде аралығында кей жерлерде 40 градус қатты ыстық, өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында күндіз 30 маусымда 35 градус ыстық, 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градусқа жетеді, өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз 29-30 маусымда, 1 шілдеде Алматы облысында кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі, өрт қаупі сақталады.
30 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында 30 маусымда күндіз 41-43 градус қатты ыстық сақталады.
Жамбыл облысында күндіз 30 маусым таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. 30 маусым күні күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық, өрт қаупі күтіледі. Тараз қаласында 30 маусым күні күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні секундына15-20 метрге жетуі мүмкін.
Көкшетау қаласында 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градус ыстық күтіледі.
Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, сондай-ақ:
- ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек;
- аптап ыстықта кез келген физикалық белсенділіктен бас тарту қажет;
- күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу керек;
- күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізбейтін киім (мақтадан жасалған) киіңіз. Ыстық ауа райында балалар ерекше назарда болуы тиіс.