Бүгінгі адам баласын алаңдатып отырған мәселенің бірі – қуаңшылық. Ал бұл жағдайға тікелей қатысы бар құзырлы мекемелер мен ізденушілер қол қусырып қарап отырған жоқ. Мәселен, Алматыдағы инновациялық компания Экология министрлігіне құрғақшылықпен күресуге көмектесе алатын рай білдірді.
Бұл инновациялық ғылыми-өндірістік компания агроөнеркәсіп кешені мен қоршаған орта қажеттіліктері үшін ұшқышсыз ұшу кешенін жасады. Кешен екі ұшқызсыз ұшу аппараты мен жердегі метеостансадан тұрады.
Бірінші дрон борттағы метеостансамен және қозғалыс пен оператор әрекетін түзету үшін бақылау жүйелерімен жабдықталған. Екіншісі белсенді затты бұлтқа тікелей шашады. Жердегі метеостанса желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайды. Nimbus екі қозғалтқышты ұшқышының техникалық сипаттамаларына келсек, теңіз деңгейінен 5500 метр биіктікте 2 сағат ұша алады. Түзу ұшу қашықтығы – 140 шақырым, жылдамдығы – 72 ш/сағ. Бұл жағдайда арнайы композицияны шашырататын экологиялық қауіпсіз пиротехникалық картридждер реактив ретінде жұмыс істейді.
«Біз жүк көтергіштігі 10 килоға дейін көтеретін дрон жасадық, ол бұлтты себуге, яғни жасанды жаңбыр тудыруға қолданылады. Біз мұндай жобаларды Қостанай облысында сынақтан өткізіп жатырмыз және Маңғыстау облысында жоспарланған. Құрғақшылыққа байланысты өсімдіктер ғана зардап шекпейді, жануарларда да жейтін ештеңе жоқ, жағдай аянышты екендігін өздеріңіз де білесіздер», дейді «KazTechInnovations» ЖШС жоба менеджері Ернұр Төлеген.
Жасанды жаңбырдың көмегімен құрғақ уақытта өрістерді суарып, өртті сөндіруге болады. Бұл әдіс қыста аз қар жауып, өрістерді қармен жабу үшін де қолданылады. Бүгінгі күні компания өмірдің түрлі салаларында инновациялық жобаларды жүзегеасыруда – сотталғандарға арналған электронды білезіктер, электрмобильді платформалар, қоршаған ортаны бақылау стансалары, метеорологиялық стансалар, дәріхана сенсорлары, еңбек қауіпсіздігі датчиктері, Growgreenme өсімдіктерін отырғызу мониторингі, Robostore автоматтары ойлап табылды. Мұнайдың төгілуіне қарсы тұру үшін сфералық дрейфті қалтқы түрінде әзірленді.
Осы уақытта жасаушылар көп спектрлі бейнесі бар картаға түсіруге, деректерді қорғауға және әскерилерге, экологтерге, фермерлерге арналған шифрлаумен ұшқышсыз ұшу аппараттарына көп көңіл бөлуде.
«Экология бойынша мәселелер басталған кезде бізді Заттар интернеті қызықтырды. Мысалы, қазір Софт бөлігін әзірлейтін қазақстандық компаниямен бірігіп жатырмыз. Бұл ластануды бақылаудың автоматты жүйесі болады, онда деректерді беру дереу Экология министрлігінің серверлеріне жіберіледі. Сонымен қатар біз парниктік газдар мониторингі бойынша америкалық және бельгиялық компаниялармен байланысқа шықтық, арнайы датчиктер әзірлеуді жоспарлап отырмыз», дейді «KazTechInnovations» ЖШС бас директоры Таир Балбаев.
KTI зауыты «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде орналасқан. Бұл зауыт – толық циклды өндіріс: оның өзіндік конструкторлық бюросы, металл өңдеу, қоспа технологиялары, композициялық материалдар өндірісі, пластмасса және силиконды қалыптау, гальваникалық жабындар мен электронды бұйымдарды орнату цехтары бар. 2021 жылы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде 1 383 жаңа жұмыс орнын құрайтын, 44,5 млрд теңге сомасына 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
АЛМАТЫ