• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Маусым, 2021

Вакцинадан кейін жағдайы нашарлағандардың көбейгені рас па?

3303 рет
көрсетілді

Қазақстандық Telegram-каналда COVID-госпитальдар КВИ-ға қарсы вакцина алған, жағдайы ауыр және өлім аузында жатқан адамдарға толы екендігі туралы хабарлама пайда болды. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды. Бұл туралы Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда егілген адамдар арасында COVID-19 жұқтыру оқиғалары тіркеліп жатқаны рас. Олардың саны өте аз.

– Қазақстанда вакцина алған 3 246 795 адамның 0.05%-ы COVID-19-мен ауырған, – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ ведомстводағылар індетті жұқтыру жағдайларының көбі препараттың тек бір ғана дозасын алуға үлгергендер арасында тіркелгенін атап өтті, яғни КВИ-ге қарсы иммунитет әлі толық қалыптаспаған.

Бұған дейін вакцина салдырғандар арасында КВИ жұқтыру жағдайлары туралы жазған болатынбыз. Мұндай құбылыстар жиі бола бермейді. Мысалы, АҚШ-та ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректері бойынша биылғы жылдың 21 маусымында вакцина алған адамдар арасында індетті жұқтырудың 4 115 жағдайы тіркелген. Бұл сол кезде егілген адамдардың жалпы санының 0.002% құрайды.

Бұл көрсеткіштер вакциналардың мәлімделген тиімділігіне сәйкес келеді. Pfizer/BioNTech препараты үшін ол 91%, Moderna – 94%, AstraZeneca – 74%, Спутник V – 92%, Синофарм (Hayat-Vax) – 73% құрайды.