• RUB:
    5.17
  • USD:
    479.05
  • EUR:
    534.57
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2021

Ақтауда құрылысшылар арасында жанжал шықты

796 рет
көрсетілді

Rixos Water World Aktau қонақ үйінің жанында салынып жатқан нысан жұмысшыларының арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті Лада сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

департаменттің мәліметінше, 29 маусым күні кешке, сағат 19:20 шамасында құрылыс алаңында жұмысшылар арасында жанжал болған.

«Кәсіпорынның қауіпсіздік бөлімі мен құрылыс алаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері жұмысшылар арасындағы дауды реттей алды.

Оқиға орнында күзет және жергілікті полиция қызметі басшыларының қатысуымен профилактикалық шаралар жүргізілді», делінген хабарламада.