• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2021

Мойынқұм ауданында мал қырылып жатыр

607 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында құрғақшылықтың салдарынан мал жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көктемде аймақта жаңбыр жаумаған. Осыған байланысты жайылымдар кеуіп, жемнің жетіспеушілігінен малға беретін азық азайған. Жамбыл обылысы әрдайым көкмайсасымен танымал болған, бірақ қазір фермерлер жаңа жайылымдар іздеуде.

Облыс әкімдігі жағдайдың күрделі екенін растады. Мойынқұм ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қызыр Елеусізов бұл мәселені зерттеп жатқанын айтты.

Мамандардың айтуынша, малдың жаппай қырылуы күтпеген шығындарға әкелуі мүмкін. Қазір аймақтағы фермерлер мал азығын көрші аудандардан үш есе қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр. Жалпы, өңірдің жем-шөп қажеттілігі 1,7 млн тоннаны құрайды.

Ботагөз АМАЛБЕК