• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Шілде, 2021

Сенат Төрағасының орынбасары ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты

220 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бейне конференция байланысы түріндегі отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің желтоқсан сессиясының қорытындылары, ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдай және халықаралық шарттарды ратификациялау барысы талқыланды.

Депутаттар сондай-ақ ҰҚШҰ жауапкершілік аймағында экстремизм мен терроризмнің таралу қаупіне қарсы іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ ұйымға қатысушы елдерде осы жылы өткен парламенттік және президенттік сайлауға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан барған халықаралық байқаушылардың жұмыс нәтижелерін қарады.