• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2021

Үндістан Қазақстанмен әскери ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

230 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов пен Үндістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас штабының бастығы генерал М. Нараване телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әңгіме барысында пандемиямен күресудегі үйлестіру іс-қимылы мен вирустың таралуына қарсы көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Үнді тарапы қазақстандық әскери қызметшілерді «АЙТЕК» бағдарламасы бойынша даярлау жалғасатынын мәлімдеді. Одан өзге, генерал М. Нараване әскери білім аясында тәжірибе алмасу үшін жоғары әскери оқу орындарына екі елден офицерлер мен курсанттарды жіберу арқылы ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды.

Генерал М. Нараване генерал-майор Талғат Қойбақовты Үндістанның қорғаныс-өндірістік кешенінің мүмкіндіктерімен жеке танысуға шақырды.

Сөз арасында «ҚазҮнд-2021» бірлескен тактикалық оқу-жаттығуын өткізуді жалпы ұйымдастыру мәселелері талқыланды.