Премьер-министр Асқар Мамин Алматыдағы «Алтын Орда» базары маңындағы жолайрық - Алматы-Бішкек тасжол учаскесін қайта жөндеу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба инженерлік коммуникацияларды қайта орната отырып, учаскені 4 жолақтан 10 жолаққа дейін кеңейтуді, негізгі магистраль эстакаданы, «таға» түріндегі бұрылу эстакадасын, Ақсай өзені арқылы өтетін көпірді, сондай-ақ жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салуды көздейді.
Үкімет басшысы барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, жұмыс қарқынын арттыруды және оларды биыл қазанда аяқтауды тапсырды.
«Жолайрықты биыл қарашада пайдалануға беру қажет. Жоба Алматы қаласы мен Алматы облысы арасындағы көлік қатынасын жақсартады», деді Мамин.