• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Шілде, 2021

Солтүстік Қазақстанда эпидемиялық ахуал нашарлады

189 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысы «жасыл» аймақ пен «сары» аймақтың шекаралық шегінде тұр. Бұл әлі «сары» аймаққа енбегенмен «жасылдың» шегіне жетті деген сөз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы күнге дейін жаман індет шыққан адамдар саны тәулігіне 10 адамның шегінде болса соңғы күні 27-ге жетті. Оның 19-да ауру белгілері болып, 8-де белгілері болмаған. Бүгін аймақтық коммуникациялар қызетінде болған брифингте бұл туралы СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Айманов мәлім етті.

Індет жұқтырған 27 адамның 11 Петропавл қаласынан, Қызылжар мен Айыртау аудандарынан төрт-төрттен, қалғандары Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов және Есіл аудандарынан шыққан. Осындай жағдайдан кейін өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз деп бағаланып отыр.  

Індет таралымының өсуі республика аумағындағы «дельта» штаммның айналымымен, сондай-ақ халықтың карантиндік шараларды сақтау жөніндегі тәртібінің төмендеуімен байланысты болып отыр. КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингінің нәтижелері бойынша 4 үлгідегі "Дельта" штаммына ("Үнді" штаммына) тән мутация ықтималдығы анықталды.

Бүгінгі жаман індеттің ерекшеліктері қатарында клиникалық симптоматиканың ерте манифестациясын, инкубациялық кезеңнің - 5 күнге дейін қысқартылуын айтуға болады. Сонымен қатар қазір өкпеден тыс түрлерінің жиілеуі және кейбір жағдайларда ішек симптомдары басым болып келеді. Өкпенің зақымдану аймағының ұлғаюымен аурудың тез дамуы және жас адамдардың үлес салмағының артуы да көзге түседі. Сондай-ақ балалар мен жүкті әйелдердің сырқаттануы, жүрек-тамыр жүйесінің асқынулары жиі кездеседі.

Қалыптасқан ахуалға орай 5 шілдеден бастап мынадай шектеулер енгізіледі:

1) жабық үй-жайлардағы бильярд, боулинг, балалардың ойын алаңдары мен аттракциондарының, батуттардың, банкет залдарының, компьютерлік клубтардың, аквапарктің қызметі тоқтатыла тұрады;

2) еске алуды өткізуге тыйым салынады;

3) діни нысандарда, жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Мешіттер, православ шіркеулері және басқа діни объектілер аумағында ашық ауада бетперде режімін және бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтап отыру;

4) 30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар үшін мәдениет объектілерінің қызметі шектеледі;

5) мектепке дейінгі балалар ұйымдарында тек кезекші топтардың (25 адамнан аспайтын) жұмысына, балалардың түзету кабинеттерінің, балалардың және ересектердің білім беру орталықтарының жұмысына алдын ала жазылу бойынша топты толтыру кезінде 15 адамнан аспайтын рұқсат етіледі; және т.б.

Қазір облыста 129212 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді, бұл барлық халықтың қамту 41.5%, ал екінші компонентпен соның 72 613 егілген. Вакцинация салдырғандардың арасында медицина қызметкерлері 99,9%, педагогтар 69%, полицейлер 97,3%, мемлекеттік қызметкерлер 70%, өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер 99,9%, студенттер 73% болып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы