• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Шілде, 2021

Атырауда бір күнде 137 адам коронавирус жұқтырды

172 рет
көрсетілді

Соңғы күндері мұнайлы өңірде коронавирус инфекциясына шалдығу дерегі үдеп барады. Мәселен, өткен тәулікте 137 адам қауіпті вирусты жұқтырды, деп жазады Egemen.kz. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар Атырау қаласында, жеті аудан мен Теңіз кенішінде тіркеліп отыр.

«Өткен тәулікте 137 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 92 науқас – Атырау қаласының тұрғыны. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында 9, Индерде – 8, Жылыойда – 7,  Исатайда – 7, Махамбетте – 5, Мақатта – 3,  Қызылқоға ауданында 2 адамнан вирус белгісі табылды. Ал, Теңіз кенішінде 4 жұмысшы қауіпті індетке шалдықты» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Осыған байланысты өңірдегі инфекциялық стационарларда жатқан науқастардың саны 485 адамға жеткен. Оның ішінде модульдік ауруханада – 185, №2 облыстық ауруханада – 135,  аудандардағы  стационарларда – 112, Теңіз кен орнындағы стационарда 53 адам емделіп жатыр.

Қазір үй жағдайында емделуге 420 адам оқшауланған.