«Қызыл аймақтағы» Атырауда вакциналау бекеттері демалыссыз жұмыс істей береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Атырау облысында вакциналардың I компонентін 90 мыңнан астам адам алды.
Вакциналардың толық кешенін 50 мыңнан астам тұрғын салдырды. Соған қарамастан, қазір Атырау облысында аса қауіпті «дельта» штамы белсенді таралуда. Сол себептен, қауіпті вирустың таралуын тежеу үшін вакцина салдырған жөн. Сонда ғана өзіңізді, туыстарыңыз мен жақын адамдарыңызды қорғай аласыз» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.