2021 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары бар.
«Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұрса, Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта.