• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Шілде, 2021

Көкшетауда жол апатынан 9 жастағы қыз зардап шекті

318 рет
көрсетілді

Жол-көлік оқиғасы Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 6 шілдеде Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолының 194 шақырымында болған.

Облыстық ПД мәліметінше, Toyota RAV4 көлігін 48 жастағы елорда тұрғыны басқарған. Жол апатының басты себебі – көлік дөңгелегінің істен шығуы.

«Toyota RAV4 маркалы көліктің жүргізушісі – Нұр-Сұлтан қаласының 48 жастағы тұрғыны Көкшетау жаққа бара жатқанда көліктің алдыңғы доңғалағының желі шығып кеткен. Содан ол рөлге ие бола алмай, аударылып қалған», дейді полицейлер.

Жол апаты салдарынан көлік ішінде болған 9 жасар қыз жақ сүйегі, ал анасы кеуде тұсынан жарақат алған.

Қазіргі кезде көлік жүргізушісіне қатысты әкімішілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы, 1-тармағы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.