• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Шілде, 2021

Павлодар облысында адам қағып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

603 рет
көрсетілді

Павлодар облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 маусым күні сағат 01:35-те белгісіз жүргізуші автокөлікпен 1987 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері осы жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізуші мен автокөлікті анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде», деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.