• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Саясат 08 Шілде, 2021

Шалғай елді мекендерге аттанды

332 рет
көрсетілді

Еліміздің өңірлерінде Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері – мәжілісмендердің халықпен кездесулері басталды.

Қазақстандықтарды толғандыратын өзекті де түйінді мәселелерді талқылауға және партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру сапасын талдауға ерекше назар аударылады, деп хабарлады Nur Otan партиясының баспасөз қызметі.Нұротандық депутаттар облыс және аудан орталықтарына ғана емес, шалғай елді мекендерге де барады. Әр өңірдің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыру үшін кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер жоспарланған. Сонымен қатар, халық қалаулылары азаматтарды қабылдау өткізеді. Жалпы халық қалаулылары сайлаушылармен мыңнан астам кездесу өткізеді. Олар екі кезеңде: осы жылдың 7-16 шілдесі мен 19-28 тамызы аралығында өтеді. Кездесулер барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетін болады.

«Егемен-ақпарат»