Қазақстанда коронавирус пен CОVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар саны өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кейінгі тәулікте, 6 шілдедегі жағдай бойынша, коронавирус пен CОVID-19 белгілері бар пневмониядан 34 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, 5 шілдедегі жағдай бойынша, коронавирус пен CОVID-19 белгілері бар пневмониядан 30 адам қайтыс болған.
8 шілдедегі мәлімет бойынша, 35 554 адам коронавирус инфекциясынан (–34 265 + және 1289 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде, 10 940 пациент стационарда, 24 614 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 709 адамның жағдайы ауыр, 161 пациенттің жағдайы өте ауыр, 91 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.