• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Шілде, 2021

Батыс Қазақстанда 730-дан астам адам коронавирус жұқтырды

166 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 732 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, коронавирусқа шалдыққан 732 адамның 531-інде ауру белгілері бар болса, 201-і - симптомы жоқтар.

Індет жұқтырғандардың 471-і ЖРВИ белгілері бойынша тексерілгсе, 106-сы бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 107-сінен профилактикалық мақсатта, ал 6 адамнан стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Төрт күнде ауруы анықталғандардың 328-і Орал қаласы, 123-і Бәйтерек, 101-і Бөрлі, 34-і Теректі, 27-сі Ақжайық ауданының үлесіне тиеді.

Пандемия басталған кезеңнен бері өңірде барлығы 26188 науқас тіркеліп, соның 20735-і жазылып шықса, 418-і көз жұмды.

Эпидемиологтардың айтуынша, індет көзі қоғамдық көліктерде, адамдар жиі жиналатын жерлерде. сауда үйлерінде, медицина ұйымдарында, қоғамдық тамақтандыру орындарында жиі таралады. Сондай-ақ, бұрын ауырғандармен қарым-қатынасқа түсу кезінде, еске алу, той-томалаққа барғанда да карантиндік талаптар сақталмаса, жұмыс орындарында да жұғуы ықтимал. 

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 41 пайызға өсіп, осыған байланысты қосымша шектеу шараларын енгізу ұсынылған болатын.